Құқық қорғау органдары

Иісшіл иттердің көмегі көп

Бүгінде Ішкі Істер Департаментінің кинологиялық орталығында 15 қызметтік ит бар. Мұндағы неміс, шығыс-еуропалық және бельгиялық овчарка мен лабрадорлар қызметке түспес бұрын ІІМ-нің Алматы қаласындағы кинологиялық орталығында арнайы дайындықтан өтеді екен.

 

Евгений Сичков, СҚО ІІД КҚО инспектор-кинологы:

-4 қызметтік ит адамдарды іздестіруге машықтанған. Ал екі ит аса қауіпті қылмыскерлерді табуға, қалған 3-уі есірткі мен жарылғыш заттарды іздеу үшін даярланған төрт аяқтылар. Орталығымыздағы әрбір иттің денсаулығы мен әрекеттері мамандардың басты назарында.

 

Күн сайын кинолог мамандар төрт аяқтыларды тәжірибелік сабақтар арқылы сынақтан өткізеді. Осындай күнделікті жаттығудың нәтижесінде қызметтік иттердің мінезі шыңдалмақ.

 

Евгений Сичков, СҚО ІІД КҚО инспектор-кинологы:

-Орталықтағы әр иісшіл иттің мінезі әр түрлі. Сондықтан да төрт аяқтыларды арнайы жаттығудан өткізу оңай шаруа емес.

Өңірдің кинологиялық орталығы жуырда 3 итпен толыққан. Айта кететін жәйт, жыл басынан бері төртаяқтылардың көмегімен 226 қылмыстың ізі суымай ашылған. Оның ішінде 5 өлім, 124 ұрлық, 19 тонау мен 4 шабуыл жасау фактілері бар. Сондай-ақ есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының мамандары иісшіл иттердің көмегіне жүгініп, 11 қылмыс пен 23 кг есірткі затын анықтапты.

 

Бақыт Сәдуақасов