Қоғам

Жаңа үйлердің аулалары да жайлы

 

Мына 200 пәтерлік 9 қабатты “Мечта” тұрғын үй кешенінің 4-ші подъезін “КазГрадСтрой НС” ЖШС-і петропавлдықтарға 2012 жылдың 14-ші желтоқсанында тапсырған болатын. Қазір баспананың 70 пайызына жерлестеріміз қоныстаныпты. Үйдің қалған 2 подъезі биыл тапсырылмақ.

 

Валерия Новокшанова, “КазГрадСтрой НС” ЖШС бөлімінің басшысы:

-Құрылыс компаниясы үймен қоса балалар алаңқайын салып беруді өз мойнына алған. Мына жердегі балалар алаңқайы 21,26 шаршы метр аумақты алып жатыр. Ойын алаңында кішкентай балаларға шақталған белтемір, әткеншек бар. Екінші бөлігінде ересектер шағын футбол, волейбол ойнай алады.

 

Үйдің жаңа тұрғындары – Мұстафиндер отбасы осыдан 1 ай бұрын ғана қоныс тойын атап өтіпті. Олар бұрындары Маяковксий мен Жамбыл көшелері қиылысындағы тозығы жеткен ескі жер үйде тұрып келген. Қазір ол жердегінің барлығы ысырылып, кейін бұл учаскеде көпқабатты үй бой түземек. Соған байланысты жасы егде тартқан жерлестерімізге осы үйдің 6-шы қабатынан 2 бөлмелі пәтер беріліпті. Олар қазір ауылдан келген жиендері Алғатты балалар алаңқайында ойнатып жүр.

 

Берік Қасен