Балалар

“Менеджменттің бір күні” акциясы

Қалалық әкімдіктегі таңертеңгілік жиналысты солтүстікқазақстандық студенттер бар ынтамен тыңдауда. Бүгін болашақ мамандар бір күнге өздерін мемлекеттік қызмет ісіне қатысушылар ретінде сезіне алды. Олар үшін отырыстың әр сәті қызықты. Студенттерге алған білімдерін тәжірибеде көрсетуге мүмкіндік берген – азаматтық бастамаларды дамыту институты.

Гоара Абрамянға “Менеджменттің бір күні” акциясы біліктілігі мен білімін арттыру үшін жасалған зор мүмкіндік. Студент осы күн ішінде көрген-білгенім, үйренгенімнің алдағы қызметімде қажет болары сөзсіз – дейді. Гоара биыл СҚУ колледжін “Архитектура және дизайн” мамандығы бойынша тәмамдамақ.

 

Гоара Абрамян,СҚУ колледжінің студенті:

-Бұл шара біздер үшін өте қажет. Бір күндік жұмыс кезінде біз өз мамандығымыздың қыр-сырын меңгермекпіз. Өзіме келер болсам, маған кешке дейін Назарбаев зияткерлік мектебінде жұмыс жасайтын құрылыс отрядының киім үлгісін жасап шығу тапсырмасы тұр.

 

Ал Абылайхан Қайроллаев М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің инженер-техникалық факультетінің 1-курс студенті. Ол бүгін өз білігін құрылыс бөлімінде байқай алды.

Петропавл қаласының әкімдігінде студенттер бір күн бойына еңбек етпек. Кейін акцияның қорытындысын шығарып, жастар өз ойларымен бөліседі.

 

Бақыт Сәдуақасов