Қоғам

“Б” корпусының мемлекеттік қызметшілері ант берді

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. Мереке қарсаңында мемлекеттік қызметшілер мына залға ант қабылдауға жиналды.

 

Мұрат Қадырбек, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы – Тәртіптік кеңестің төрағасы:

-Мемлекеттік қызметшілер өздеріне артылған жауапкершілікті терең түсінуі керек. Біліктілік пен білімділік те талап етіледі.

 

Мемлекеттік қызметшілер отанға адал болып, өздеріне сеніп тапсырылған жұмысты сапалы атқаруға салттанатты түрде ант етті.

Еліне, халқына адал еңбек етемін деп ант беріп тұрған бұл Далабай Қабдуәлиев. Ол үстіміздегі жылдың наурыз айында Шал ақын ауданы құрылыс, қала құрылысы және сәулет бөліміне жетекші маман болып қабылданыпты. Жас қызметкер “Б” корпусына өту үшін арнайы сынақты жақсы тапсырған. Далабай мемлекеттік қызметші болуды балалық шақтан армандапты.

 

Далабай Қабдуәлиев, құрылыс және қала құрылысы және сәулет бөлімінің жүргізуші маманы, Шал ақын ауданы:

– Бұған дейін фирмада құрылысшы болып қызмет істедім.

Барлығы мерекеге орай жергілікті атқарушы органдарда еңбек ететін 7 мемлекеттік қызметші ант қабылдады. Олардың арасында есепші, қаржылық-шаруашылық, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің жетекші мамандары бар. Халқына адал қызмет етуге ант еткен жерлестерімізге Елбасы Н.Назарбаевтың “Қазақстан жолы” кітабы мен гүл шоғы табысталды. Ант қабылдау рәсімі ҚР Әнұранымен аяқталды.

 

Бану Ахметова