Спорт

Футболдан ел біріншілігінің кезекті туры

Алғашқы таймда екі жақ бір-бірінің қақпасын торуылдаумен болды. Кездесудің екінші кезеңінде ойыншылар ширақ қимылдап, шабуылға кірісті. «Қызылжар СК» командасының сапында өнер көрсететін Серік Досманбетов, Олександр Згура және Анатолий Малковтардың сауатты ойыны петропавлдықтарға жеңіс сыйлады. Қазір жергілікті құрама турнир кестесінің 5-ші сатысында тұр. Кезекті ойын 7 маусым күні өтеді. Онда «Қызылжар СК» құрамасы Қаратаудың «Лашынымен» кездеседі.

 

Мағжан Ахмадина