Ауыл шаруашылығы

Демалыс күндері облыста 500 мың гектар алқапта тұқым себілді

Бидайдың өзі 3 млн 100 мың га егілді. Бұл ретте әлі де болса Шал ақын, Ғ.Мүсірепов және Қызылжар аудандары көш бастап келеді.

Бүгінде майлы дақылдардың 572 мың га еңсерілген. Бұл жоспарланғаннан 111 пайызға артық орындалған. Майлы дақылдар бойынша Ақжар, Мамлют және Есіл аудандары алда келе жатыр. Ал мал азығына келер болсақ, бүгінде бұл шаруа тек 61 пайызға орындалды.

Картоп пен көкөністерді отырғызу толығымен аяқталған.

Жердің құнарлығын арттырып, өнімділікті жақсарту үшін 254,3 мың га аумаққа минералдық тыңайтқыштар сіңірілді.

 

Бану Ахметова