Қоғам

Бүлдіршіндердің жазғы демалысы басталды

Жазғы демалыс мектеп оқушылары үшін қуанышты сәт. Бүлдіршіндер демалыстарын білім ұяларында ашылған жазғы сауықтыру алаңында өткізеді. №4 орта мектепте жазғы сауықтыру алаңы концерттік бағдарламамен ашылды. Аталған білім ордасы екі ауысымда 230 оқушыны қабылдайды.

Салтанатты ашылу рәсімі №20 орта мектепте де өтті.

Балаларға арналған алаңқайда жарты сағат сайын екі тілде сергіту сағаттары жүргізіледі. Түрлі ойындар ойналады. Сауықтыру алаңында демалысын өткізіп жатқан Назерке өз сыныптастарымен түрлі-түсті қағазға мұғалімнің берген тапсырмасын орындап, мол қызыққа кенелеміз дейді.

Аталған білім ошағы жаз уақытында 94 балғынды қабылдайды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан 27 балаға тегін демалу мүмкіндігі жасалған. Жазғы сауықтыру алаңдары сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін жұмыс істейді. Түстен кейін бүлдіршіндердің қалаулары бойынша шахмат үйірмесіне баруларына болады.

Демалыс уақытында балалар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен “Нептун” аквопаркіне саяхат жасайды.Ұйымдастырушылар әрбір дем алушы талғамына сай ермегін табады деп сендіруде. Қаламыздың 35 білім беретін мекемесінде балаларға арналған жазғы сауықтыру алаңдары жұмыс істейді. Бұл алаңқайларда 2800-ге жуық бала жазғы демалыстарын өткізеді.