ТЖ

Жыл басынан 7 адам су құрбаны болды

 

Өткен 2013 жылы өңірде 34 адам су құрбаны болған. Ал 111 солтүстікқазақстандық құтқарылған. Балық аулау маусымы басталмаса да, әуесқой балықшылар өзенге қармақ салуын доғарар емес. Осының салдарынан ағымдағы жылдың басынан облыста 7 адам суға кеткен. Оның 6-уы сәуір мен мамыр айларында тіркеліпті.

 

Сергей Черкасов, СҚО ТЖД суда құтқару станциясының басшысы:

– Солтүстікқазақстандықтар балық аулауға шыққанда арнайы суда құтқару киімін кимейді. Сол себепті де оның ақыры қайғылы жағдаймен аяқталып отыр. Солтүстікқазақстандықтарға айтарым балық аулауға шықпас бұрын қайық пен арнайы суда құтқару желетін алуға кеңес беремін. Өйткені, денедегі әрбір пенопласт адамның су түбіне кетпеуінен сақтайды.

 

Суға кеткендердің жасы 28 бен 74 аралығында екен. Олар көбінесе қарапайым ережелерді сақтамайтын көрінеді.

 

Сергей Черкасов, СҚО ТЖД суда құтқару станциясының басшысы:

-Біз рейдке шыққанда өзен жағалауындағы әуесқой балықшыларға түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Арнайы ескертпе парақшалырын да таратамыз. Өкінішке қарай суға кеткендердің дені мереке және демалыс күндері қаза тапқан. Және мас күйінде болғандығы анықталуда.

 

Өңір құтқарушылары мұндай рейдке күнделікті шығады. Ал  техникалық базасына келер болсақ, 98 пайызға жабдықталыпты. 7 бірлік автотехника мен 37 арнайы жүзу құралдары бар. Ал мұнда 26 суда құтқарушы қызмет етеді.

 

Бану Ахметова