Спорт

Петропавлда жазғы Президенттік көпсайыстан облыстық чемпионат басталды

Сайыстың алғашқы күні қатысушыларға винтовкамен атуға 20 минут уақыт берілген. Оған ер-азаматтармен қатар әйелдер де қатысуда. Үміткерлердің ішінде жасы үлкен сайыскердің бірі М. Жұмабаев ауданының намысын арқалаған Надежда Скрипникова. 60 жасар зейнеткер 2012 жылы республикалық қысқы президенттік көпсайыста жүлделі орыннан көрініпті.

 

Надежда Скрипникова, жазғы Президенттік көпсайысқа қатысушы, М. Жұмабаев ауданы:

-Өз басым жазғы және қысқы Президенттік көпсайысқа жыл сайын қатысып отырамын. Ауданымызда спортпен шұғылдануымызға бар жағдай жасалған. Соның бір айқын көрінісі спортшылардың облыстық және республикалық чемпионаттарға үздіксіз қатысуы. Қазір зейнет жасында болғандықтан, атудан шамалы қиындық бар. Жасым келіп қалды. Ал жүгіру, жүзу және граната лақтырудан дайындығым жеткілікті.

 

Бақыт Сәдуақасов