Қоғам

Отырыс соңы өртке ұласты

Осылайша қызыл жалын бірнеше минуттың ішінде 120 шаршы метр аумақты шарпып үлгерді. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Оқиға болған жерге 20-ға тарта өрт сөндіруші мен 4 бірлік техника дереу жетіп, тілсіз жауды ауыздықтады. Қазір келтірілген шығын есептеліп жатыр. Жалпы жыл басынан бері облыс аумағында 379 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 28 адам мезгілсіз көз жұмды. Оның 2-уі бала болатын.

 

Берік Қасен