Қоғам

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы тіл байқауы

 

Қалалық байқау 5 кезеңді қамтыды. Ең алдымен мемлекеттік қызметшілер команданың аты мен ұранын айтып өздерін таныстырды.

Байқауға қатысушылар берілген суреттерден сөйлем құрап, орыс тіліндегі сөздерді қазақшаға аударып, диктант та жазады. Және белгілі ақын жазушылардың шығармашылығынан үзінділер келтіруі тиіс болды. Бүгінгі байқауда өз бағын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерінен құралған “Қазақ елі” командасы да сынап жатыр.

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған байқау мемлекеттік рәміздер күніне орай өткізіліп жатыр. Оған 7 команда қатысуда.

Мемлекеттік қызметшілер арасында өткен байқау жеңімпаздары диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.

 

Бану Ахметова