Ауыл шаруашылығы

Облыста 3 млн гектар алқапта тұқым себілді

Осы күні майлы дақылдарды себу жұмыстары жоспардан асып орындалуда. Ақжар ауданы егіс жұмыстарын 145 пайызға, Тимирязев ауданы 118 пайызға және Ғ.Мүсірепов ауданы 106 пайызға орындаған. Ал картоп отырғызу жұмыстары облыс бойынша толығымен тәмамдалып, жалпы аумақ 27 700 гектарды құрады. Көкөністер 5 мың гектардан астам алқапта егілді. Жердің құнарлылығын арттырып, өнімділікті жақсарту мақсатында 222 жарым мың гектарға минералдық тыңайтқыштар сіңірілген.

 

Гүлмира Шоқтыбаева