Қоғам

Куәлік пен төлқұжатты қазақстандықтар кез-келген ХҚКО-да ала алады

 

Бүгінгі таңда облысымыздың ХҚКО 171 мемлекеттік қызмет түрін ұсынады. Бұл көмекке үстіміздегі жылдың 4 айы ішінде 24 мың 293 адам жүгінген. Мамырдың 12-сінен күшіне енген өзгерістерге сәйкес ҚР азаматтары куәлік пен төлқұжаттарын жоғалтып алса немесе оларды рәсімдеу керек болған жағдайларда,   еліміздің кез-келген ХҚКО-ғы мамандардың көмегіне жүгіне алады. Бұрынғыдай тұрғылықты жерге барып жатудың қажеті жоқ.

 

Дулат Шәріпов, СҚО бойынша ХҚКО қоғаммен байланыс бойынша менеджері:

-Мәселен Алматыда тұратын азамат Петропавлда рәсімдей алады.

 

Бұл жаңашылдықтың көмегіне еліміздің басқа қалаларына барып некеге тұрғысы келетін азаматтар да жүгіне алады. Жеке куәлік пен төл құжатты рәсімдеу 1 айға созылады. Оларды тездетіп әзірлеу де қарастырылған.

Облысымыздың ХҚКО-на күнделікті 1000-1500 мыңға жуық тұрғын келеді екен.

 

Бану Ахметова