Әр түрлі

Көше тазалайтын жаңа техника

 

Жазда оның көмегімен көшедегі күл-қоқысты жинау қарастырылса, қыста қар күреп, көктайғаққа құм мен тұз себуге ыңғайлы. Әмбебап құрылғы жақында ғана құрастырылған. “Кургандормаш” компаниясы коммуналдық және жол салуға қажетті техникаларды құрастырумен 70 жылдан бері айналысады. Осы уақыт аралығында кәсіпорында 400-ден астам қозғалыс құралының моделі мен модификациясы жасалған. Ресейліктердің өнімдері 50 елге танымал. Бұл таныстырылым Солтүстік Қазақстан мен Қорған облыстарының арасында жасалған меморандум аясында жүзеге асып отыр.