Ауыл шаруашылығы

Көктемгі егіс науқаны жартысынан ауды

 

Екінші және үшінші орындарда Уәлиханов, М.Жұмабаев аудандары келеді. Майлы тұқымдастарды егу жұмыстары 90 пайызға еңсерілген. Бұл бағытта да үздік үштіктің қатарында М.Жұмабаев ауданымен қатар мамлютті, тимирязевтық шаруалар көрінген. Мамлют ауданында майлы дақылдарды себу жұмыстары жоспардан асыра орындалып, 121 пайызға жетті. Облыста картоп отырғызу жұмыстары аяқталып қалды. Барлығы бұл көкөніс түріне 27 мыңнан астам га аумақ бөлінген болатын. Ал өзге көкөністер 5 мың гектарда отырғызылды. Сонымен қатар, облыстың егіс алқаптарына 13 жарым мың тонна минералдық тыңайтқыштар сіңірілген.

 

Гүлмира Шоқтыбаева