Ауыл шаруашылығы

Көктемгі дала жұмыстарының 60 пайызы орындалды

 

Бұл  барлық алқаптардың 60 пайызын құрайды. Дәнді дақылдар 1 млн. 900 мың га аумақта себілді. Әзірге бұл бағыттағы жұмыстың 56,4 пайызы еңсерілген. Ал майлы дақылдарды себу жұмыстары аяқталуға таяды. Бүгінде 442 мың га алқапқа майлы тұқымдастар сіңірілді. Дәнді дақылдар егісінде 60 пайыздан астам көрсеткіштермен Қызылжар, М.Жұмабаев және Уәлиханов аудандары көш бастаса, майлы тұқымдастарды себуден Мамлют, Тимирязев және М.Жұмабаев аудандарының шаруалары алда келеді. Мамлют және тимирязевтық диқандар сәйкесінше 113 және 105 пайыз көрсеткіштермен жоспарды асыра орындаған. Сонымен қатар, қазіргі таңда мал азығы дақылдарына бөлінген 125 мың га алқаптардың 43 пайызына тұқым сіңіріліпті. Тағы 27 мың гетарға картоп, 5 мың гектарға тарта алқапқа көкөністер отырғызылды.173 мың га астам жер тыңайтқыштармен өңделген. Жердің құнарлылығын арттыру мен өнім сапасын жақсарту қамында 13 мың тоннаға тарта минералдар сіңірілді.

 

Гүлмира Шоқтыбаева