Құқық қорғау органдары

Полицейлер “Зорлықсыз үй” акциясын ұйымдастырды

 

Тәртіп сақшылары акция барысында тұрғындарға құқықтық кеңес беріп шықты. Сондай-ақ, зорлық-зомбылыққа жол бермеудің маңызын түсіндірді. Бұл жолы полиция қызметкерлері қорғауды қажет ететін және жанұяда тәртібі нашар азаматтарға ерекше назар аударды.

Полицейлердің айтуынша, тұрмысы төмен отбасы мүшелері көп жағдайда тұйық келеді. Бұндай жанұяда ерінен жәбір көрген нәзік жандылар кейде қайда барып, мұңын шағарын білмейді.

Шара барысында есепте тұрған 867 азамат тексерілді. Бұл азаматтар отбасында жиі жанжал шығарады екен. Нәтижесінде олардың 114-іне қатысты ұйғарым жазылып, ал 37-сінің тәртібіне байланысты белгілі бір талаптар қойылды. Полицейлер жанұяда ерінен жәбір көрген әйелдерге қажет жағдайда Петропавл қаласындағы Ішкі істер басқармасына 39-48-81, ал Ішкі істер департаментіне 61-26-24 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарласа алатындарын ескертті.