Мәдениет

Петропавлда Уильям Гибсонның “Двое на качелях” қойылымы сахналанды

Бұл спектакль – махаббат жайында. Басты кейіпкерлер Джерри мен Гитель таныстығынан үлкен сезім пайда болып, ғашықтар бір-бірінсіз өмір сүре алмайтындай күй кешті. Өмірде Гитель есімді бикеш би билеумен айналысса, ал Джерри қорғаушы болып жұмыс атқарады.

Дегенмен, екі ғашықтың арасында кедергі бар. Ол Джерридің айырылысқан жары. Бірақ, ғашықтар өмірдің барлық ауыртпалықтарына төзеді, қиындықтармен күресіп, бірге болудың жолын іздейді. Ақыры 3 сағатқа созылған қойылым қос ғашықтың айырылысуымен аяқталды. Актерлердің шебер ойыны жергілікті көрерменнің көңілінен шықты. Олар қойылым шынайы өмірге құрылған дейді.

 

-Спектакль шытырман оқиғаға толы, өте қызық. Маған ұнады.

-Қойылымның киносын көргенмін.

-Әртістер кейіпкерлерді шебер сахналауда.

 

Көпке танымал “Двое на качелях” қойылымы Қазақстан театрында алғаш сахналанды. Келесі спектакль Павлодар қаласында қойылмақ.

 

Бақыт Сәдуақасов