Білім

Облыс орталығының оқушылары сарбаздың бір күнімен танысты

Ұйқыдан бір адамдай оянып, сапқа тұрған сарбаздардың ширақ қимылына оқушылар да ілесуге тырысты. Мектеп жеткіншектерінің әскери өмірге жасаған саяхаты осылайша басталды. Әдеттегідей сардарлар сап түзеп тәңертеңгі денелерін сергітуге кірісті. Жаттығулары  жеңіл болып көрінгенімен мамандар  бойларын жазуға арнайы құрастырған. Бұдан соң кішкене қонақтарға әскери қолданбалы өнерден үзінділер көрсетілді.

Бұл тактикалық дайындық сабағы. Борышын өтеушілер бөгеттерді елемей, жауынгерлік айла-тәсілдерді қолдана білуі тиіс. Ал мына тұста жаппай жойғыш күші бар қарудан қорғайтын жабдықтарға қамтылудың тәртібі ұсынылды. Бүгінгі айбынды күш құрылымдарының қолданысындағы қол қару-жарақтарының негізгі бөлігімен танысу мүмкіндігі де жасалды. Оқушылардың алдында Калашников автоматы уақытқа бұзылып жиналды. Болашақ отан қорғаушыларымыз сарбаздың бір күнімен танысу саяхатынан мол әсер алды.

 

– Сарбаздардың бірге ояну сәтінен бастап тамашалағанның бәрі қатты ұнады. Болашақта осының барлығын үйреніп өзім қолдана білсем деймін. Сарбаз болғым келеді отанымды қорғау үшін.

– Автоматты қолға алғанымда өзімді нағыз ер ретінде сезіндім. Бойыма күш-қуат бергендей болды. Мүмкіндік болса күнде келіп тұрсам деймін.

 

Әскери-техникалық мектепте оқушыларға бұндай мүмкіндік жасалған. Жанынан жасөспірімдер клубы құрылды. Жуырда радиотехника сыныбы ашылды. Алдағы уақытта өскелең ұрпақтың бойына елжандылық қасиетін сіңіру аясын кеңейту жоспарланған.

 

-Мақсатымыз нағыз патриот жастарды тәрбиелеп, әскери өмірге деген қызығушылығын арттыру. Қазір арнайы залдар жабдықталып жатыр. Күрес, ауыр атлетика, мото, картинг үйірмелерін ашпақшымыз. Танымдық сабақтар әрбірінің талғамына сай болуын қалаймыз. Таңдағанын тегін үйретеміз. Бастысы өзі ынта танытуы қажет.

 

Жалпы әскери-техникалық мектептің петропавлдық филиалы бір жыл бұрын ашылыпты. Осы уақытта түрлі себептермен қарулы күштер қатарына ілікпегендер, әскери мамандық меңгеріп жатыр. Бүгінде 350 сарбаз 40 күндік даярлық курстарынан өтіпті.

 

Жеңіс  Ермұқанов