Ауыл шаруашылығы

Алқаптардың 40 пайызында дәнді дақылдар орналастырылды

 

Егіс даласынан майлы дақылдардың алқабы – 339,6 мың га. Бұл көштің алдында 100 пайыздық көрсеткішпен Мамлют ауданы. Жем-шөпке арналған 125 мың гектардың 27 пайызы егілді.

Солтүстікқазақстандықтар картоп отырғызу жұмыстарының 93,7 пайызын тындырса, көкөністер 4,2 мың гектарға отырғызылған. Егін егу кезінде топырақтың құнарлылығын арттыру мақсатында 143,4 мың гектар жерге 8,9 мың тонна минералдық тыңайтқыш сіңірілді.

 

Данаш Хамзина