Құқық қорғау органдары

Облыста “Нелегал” шарасы басталды

 

 

Бұл күндері вокзалдар, базарлар, құрылыс нысандары, ойын-сауық орындары полицейлер назарында болады. Сондай-ақ оңтүстік өңірден Солтүстік Қазақстан арқылы өтетін жолаушылар тасымалдайтын транзиттік автобустар да тексерілуде.

Алмаз Темірбеков, СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының инспекторы:

– Мамырдың 19-нан республика аумағында “Нелегал-2014” жедел алдын алу шарасы өтуде. Оған СҚО ІІД барлық күштері тартылған. Шараның мақсаты – көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтарын анықтау.

Шара басталған алғашқы тәулікте ғана  солтүстікқазақстандық полицейлер ҚР аумағында жүру тәртібін бұзған 119 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты.  11 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды. Екі адам шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзғаны үшін жазаланды.  “Нелегал-2014” шарасы мамырдың 23-де аяқталады.