Салық басқармасы

Салық декларацияларының сәйкестігі тексерілуде

 

 

Камералдық бақылау – салық төлеу саласында орын алатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді. Салық декларацияларының сәйкестігін тексеру мақсатында әр тоқсан сайын жүргізілетін үрдіс, тауар жеткізуші мен оны сатып алушы арасында кеткен қателіктің қай тараптан екендігін анықтайды.

 

Лилия Әбілева,Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы:

-Көп жағдайда салық төлеушілер РНН-де қателіктер жібереді. Сонымен қатар белгілікті бір сомаларды дұрыс жазбауы мүмкін. Кейін оны тасымалдаушылар тексергенде қателіктер анықталады. Сонда салық төлеушіге хаттама жіберіледі.

Бүгіндері аталмыш тексеру жұмыстары автоматты түрде жүргізіледі. Қателік кеткен жағдайда салық төлеушілерге хаттамалар олардың электрондық кабинеттеріне жіберіледі. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін салық төлеушіге 30 күн уақыт беріледі. Және осы уақыт аралығында олар салық есептілігін тапсыруы тиіс.

 

Лилия Әбілева,Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы:

– Кодекстің 611-бабына сәйкес кемшіліктерін мойындамайтын салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операциялары уақытша тоқтатылады және Салық кодексінің 627-бабына сәйкес жоспардан тыс тексеру белгіленеді. Сондай-ақ, оларға әкімшілік шаралар қолданылады.

 

Қалай дегенде де, салық төлеуші хабарламадағы заңбұзушылықтармен келіспесе, онда әр қателікке өз негіздемесін және келіспеу себебін түсініктеме ретінде жазып көрсетуі керек.

 

Мағжан Ахмадина