Мәдениет

Эльбрус Джанмирзоевтың Петропавлдағы концерті

 

 

Солтүстікқазақстандықтар бұл концертті ұзақ күткен. Сондықтан болар кеш басталмас бұрын залға кіріп, өз орнына жайғасуға асыққандардың қарасы қалың болды. Енді-енді танылып келе жатқан Эльбрус Джанмирзоев елімізге алғаш рет келіп отыр. 20-дан астам әннің орындаушысы кешті ең алдымен сазды да сыршыл, мұңды әуендерінен бастады.

 

18 жасында алғашқы әнін жазған Эльбрус Джанмирзоев бастапқыда өзінің үлкен сахнада ән айтатынына сенбеген. Дегенмен, алғаш бейнебаянын түсіргенде, оның интернеттегі парағын бірнеше күн ішінде ғана млн-нан астам адам қараған. Тек содан кейін ғана жас дарын шығармашылыған мықтап қолға алса керек.

 

Эльбрус Джанмирзоев, әнші:

-Бұл менің Қазақстанға алғаш келуім. Сондықтан бұл жақ менің шығармашылығыммен таныс болса да, көптеген әндерім таңсық. Бүгін жаңа әуендерді де әкелдім. Оларды көрермендер жақсы көңіл күймен қарсы алды. Алдағы уақытта Астана, Алматы қалаларына баруды жоспарлап отырмын.

 

Петропавлдық көрермен өнер иесін жақсы қарсы алды. Оның танымал әндерін қосылып бірге шырқап, жылдам айтылатын әндерінде биге қосылып жатты.

 

-Концерт өте керемет өтті. Мен өз жастық шағымды есіме түсірдім. Менің ата-бабам ертеде осында келген. Сондықтан ол сол кавказ елінің жылы лебізін әкелді деген ойдамын.

-Әндері тамаша. Көңіл-күйді көтереді. Бір серпіліп қалдық.

– Концерт тамаша өтті. Маған әсіресе, «С Днем рождения, мама» атты әні ұнайды.

Концерт аяқталған соң әншіні дәлізде тосып тұрған фанаттарда есеп болмады. Барлығы қолтаңба алып, суретке түсуге асықты.

 

Мағжан Ахмадина