Құқық қорғау органдары

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шарасы

 

Жаз келіп қалды, сондықтан полицейлер балаларды ерекше назарда ұстайды. Жазғы демалыс кезінде балалар көбіне бақылаусыз қалады. Сондықтан қоғамдық орындарда тәртіп сақтау қажеттігін түсіндіру – тәртіп сақшыларының басты мақсаты.

Полицейлер велосипедпен жүру ережелерін түсіндіріп, ұрлық туралы ескертті.

Қымбат Қасымгожина, Петропавл қалалық ІІБ ювеналдық полиция бөлімінің басшысы:

-Қала аумағында өткен тәулікте велосипед ұрлаудың бес фактісі тіркелді.  Велосипед иелері бұл көлік түрін сақтау шаралары туралы ескертілген болатын.

Велосипедтер бақылаусыз қалмауы керек. Полицейлер балаларға велосипедтерді автотұрақтарда, жертөлелерде немесе арнайы жабдықталған орындарда сақтау ұрлықтың алдын алуға септесетіндігін түсіндірді. Сонымен қатар жасөспірімдердің қатысуымен жасалатын қылмыстар туралы да айтылды. Жыл басынан осындай 20 оқиға тіркеліпті.