Қоғам

“Еуразиялық Одақ идеясынан – еуразиялық интеграцияның жаңа бастамаларына”

 

Бүгінде Қазақстан ауқымды интеграциялық, саяси және экономикалық дамыған мемлекетке айналып отыр. Осының негізінде еліміз әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болып табылады. Елбасының Қазақстан, Белоруссия, Ресей арасындағы кедендік одақ құру бастамасы соның бір дәлелі.

 

Наиль Салимов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы:

– 1994 жылы Елбасы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзінде посткеңестік елдер арасында экономикалық интеграция құру туралы бастама ұсынған-тын. Ол ТМД мемлекеттерінің тең құқылы болуына жол ашты. Араға 20 жыл уақыт салып, Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық одақ құру туралы тағы бір тың идеяны ортаға салды. Одан одаққа енетіндер ұтпаса ұтылмасы анық. Оны жиын барысында идея авторы бұқараға үтір, нүктесіне дейін түсіндіріп берді.

 

Ұлт көшбасшысының “Еуразиялық одақ идеясынан – еуразиялық интеграцияның жаңа қырларына” атты бастамасында бірқатар міндеттер орындалуы керектігі айтылған. Оның жолдарын облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми- сараптамалық топ мүшелері өз араларында талқыға салды.

 

Сабыр Ыбраев, ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы:

– Нұрсұлтан Назарбаев тың бастамаларымен Кембридж университетінде де сөз сөйлеген болатын. Олардың салмақтап қарасақ көзделген мақсат бір. Ол мемлекеттер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Ұлт көшбасшысының интеграция жөніндегі бастамасы бүгінде көптеген елдердің халқынан қолдау табуда.

 

Жиын “Курдтардың “Барбанг” Қауымдастығы” республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Рашид Надировқа Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелігінің куәлігін табыстаумен аяқталды.

 

Самат Есмағи