Ауыл шаруашылығы

Петропавлда малға дәрі егілуде

Бүгіндері қаладағы малдар жаппай егілуде. Бірінші кезекте, ірі қара мен ұсақ малдарға аусыл ауруына қарсы екпе жасалады. Ветеринарлар жаңа туған төлдерді құжаттандырып, сарып ауруының бар-жоғын анықтау үшін қан сынамаларын алып жатыр. Өйткені дәл осы аурулар үй жануарларына үлкен қауіп төндіреді.

Мал ауруларының алдын алу шараларына қажетті дәрі-дәрмектер бюджеттен бөлінген қаражат есебінен тегін жасалады. Петропавл қаласы бойынша, 250 ірі қара, 200 бас ұсақ мал мен 30 бас шошқа аусыл ауруына қарсы вакцинациядан өткен. Дәрі егіліп, қан алынған малдың құжатына қандай ауруға қарсы екпе жасалғандығы жазылып, тіркеуге алынады. Әзірге қалада жағдай тұрақты, ешбір қауіпті ауру тіркелмеген.

 

Таңның атысымен дәрі егуге 3 сиырын жетектеп Евгений Ян да келген. Ол қорасындағы малдың денсаулығына аса мән береді.

 

Евгений Ян, қала тұрғыны:

-3 сиырым бар. Бүгін оларды арнайы егу орнына әкеліп тұрмын. Ветеринарлар қажетті екпе жұмыстарын жүргізіп, қан алды. Оған қоса жаңа туған төлдерге төлқұжат беріліп, есепке қояды.

 

Екпе салу мамырдың соңына дейін жалғаспақ. Жалпы қалада 650 бас ірі қара, 120 бас жылқы мен 800 бас ұсақ мал тіркелген.

 

Бақыт Сәдуақасов