Мәдениет

Кітапханалар жүйесі дамып келеді

Конференцияға Алматыдан арнайы келген ҚР кітапханалары қауымдастығының президенті Роза Бердіғалиева кетерінде біздің арнаның тілшілерімен кездесіп, сұхбат берді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері еліміздегі кітапханалар жүйесі жайлы әңгімелеп берді. Олардың саны бүгінде 12 мың. Алматылық мейман сондай-ақ, біздің облысқа сапары барысында алған әсерімен бөлісіп, солтүстікқазақстандық кітапханашылардың жұмысына бағасын берді.

 

Роза Бердіғалиева, ҚР кітапханалары қауымдастығының президенті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

-С.Мұқанов атындағы әмбебап кітапхананың бүгінгі дәрежесі өте биік. Көрсететін нәрселері де көп. Жаңалықтары да бар. Сыртынан қандай әдемі болса, ішіндегі жұмыс та өте көрсететіндей, мақтанатындай өте жақсы кітапхана.

 

Данаш Хамзина