ТЖ

Судағы қауіпсіздік туралы сабақ

Мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастырып, олардың өмірін суға шомылу маусымы кезеңінде қауіптерден сақтау – маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан  кездесуде құтқарушылар мектеп оқушыларына қарапайым суда құтқару ережелерін түсіндіріп, шомылу кезінде абай болуларын ескертті.

Виктор Держанский, СҚО суда құтқару қызметінің басшысы:

-Суда құтқару қызметкерлері кестеге сай мектептерде болып, оқушылармен кездесу ұйымдастыруда. Оларға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау мен зардап шегушіге алғашқы жәрдем көрсету жөнінде ақыл-кеңестер берілуде. Оған қоса интерактивті тақталарды қолдану арқылы фото-слайдтар көрсетіледі.

 

Өз кезегінде мектеп тәрбиеленушілері суға түскенде және қайғылы жәйт орын алған жағдайда өздерін қалай ұстау керектігі жайында мол мәлімет алғандарын айтады.

 

Каринэ Сафарьян, “БЭСТ” гимназиясының оқушысы:

-Әр адам суға шомылған кезде қажетті ережелерді ұстануы керек. Сонда ғана өзін және өзгенің өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

 

Элина Аркадьева, “БЭСТ” гимназиясының оқушысы:

-Бізге суда құтқару мамандары шомылу жолдары мен негізгі ережелерді түсіндірді. Айтылған ақпарат біз үшін өте қажет.

 

“Сақтансаң – сақтармын” дегендей, әр адам судағы қауіпсіздік ережелерін есінен шығармай, оны әрдайым бұлжытпай орындап жүрсе, келеңсіз жағдайлар мен орны толмас қайғылы қазалар аз болмақ.

 

Бақыт Сәдуақасов