Спорт

Петропавлда кикбоксингтен облыс чемпионаты жалауын көтерді

 

 

Турнирге қатысушы спортшыларды облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары құттықтап, кикбоксшыларға сәттілік тіледі.

 

Жарыс алаңында 39 келі салмақта алғашқы болып Аслан Асылбеков пен М. Жұмабаев ауданының спортшысы жұдырықтасты. Бозбала осыған дейінгі аудандық және облыстық деңгейдегі сайыстарда жүлделі орындардан көрінген.

Өңірлік турнирден сүрінбей өткен кикбоксшылар алдағы маусым айының 4-і мен 8-і аралығында өтетін республикалық чемпионатқа қатысады.

 

Сабыржан Сақтағанов, жарыстың бас төрешісі:

-3 күнге жалғасатын іріктеу сынына келген кикбоксшылардың дайындық деңгейі жоғары. Оған қоса соңғы жылдары кикбоксингпен айналысып жүрген балалардың қатары көбейді.

 

Жарыс кикбоксингтің фулл-контакт жүйелері бойынша 8 салмақта өтеді. Жеңіске жеткен кикбоксшылар медаль және дипломдармен марапатталмақ.

 

Бақыт Сәдуақасов