Мәдениет

«Мамыр жұлдыздары» байқауы

 

 

“Мамыр жұлдыздары” атты фестиваль-байқауды облысымызда ұйымдастыру игі дәстүрге айналған. Бұл жолы сахна төрінде қала мен аудан намысын арқалап келген 20 қатысушы бақтарын сынауда. Арасында танымал “Әлия” әнін нақышына келтіріп орындаған айыртаулық Зәуреш Шаяхметқызы да бар.

Ол “Мамыр жұлдыздары” фестиваліне алғаш рет қатысып отыр екен. Ал, былтырғы жылы аталған аудан осы байқаудан екінші орынды иемденіпті.

11-ші рет ұйымдастырылған фестиваль-байқауға  қатысушылардың саны біршама артқан. Оларға қойылатын талап та жоғарғы. Байқау жеңімпаздары диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.

 

Бану Ахметова