ТЖ

Құрылыс базарындағы өрт

 

Дабыл қағылысымен құрылыс материалдары базарына өрт сөндірушілер 5 минуттың ішінде жетті.

Өрт 70 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылар қызыл жалынды тез арада ауыздықтауға кірісті. Төтенше жағдай электр сымдарының қысқа тұйықталуынан орын алыпты.

Тапсырма ойдағыдай орындалды. ТЖ-ға барлығы 5 техника мен 30 жеке құрам жұмылдырылды. Бұл өрт сөндірушілердің кезекті тактикалық жаттығу жұмыстары болатын. Жыл басынан құтқарушылар оқу-жаттығу шараларын базарларда екінші рет ұйымдастырып отыр.

Өңірімізде соңғы жылдары базарларда өрт оқиғасы тіркелмепті. Дегенмен құтқарушылар сақтансаң сақтармын деген қағиданы ұстанады. Кезекті тактикалық жаттығу жұмыстары өткізілген бұл құрылыс матералдары базары осыдан үш жыл бұрын ашылыпты. 9 мың шаршы метрді құрайтын сауда орнында бұған дейін ешқандай ТЖ орын алмапты.

 

Шамиль Шакиров, “Барс Строй” компаниясы әкімшілік тобының өкілі:

– Біз өрт қауіпсіздігіне ерекше мән береміз. Сондықтан қызметкерлерімізбен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаймыз. Ал мұндай шаралар жыл сайын өткізіліп отырады.

 

Апат айтып келмейді. Сондықтан да өңіріміздің өрт сөндірушілері осындай жаттығу жұмыстарын қаламыздағы барлық базарларда өткізуді жоспарлап отыр.

 

Бану Ахметова