Бизнес және экономика

Шағын және орта бизнесті қолдау

 

 

Есет Мусин ісін дөңгелету үшін несие алуды жоспарлаған. Бұрындары құстарды тасымалдаумен айналысатын ол ауданда осы шаруашылық түрімен айналысатындардың жоғын біледі. Сондықтан енді өзі де құс өсіруді қолға алмақ. Қазір жеке кәсіпкерлігін тіркеп, құжаттарды жинауда. Бұған дейін 1 айға жуық курстардан өтіп, енді «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 1 млн 200 мың теңге несие алуды көздеп отыр.

 

Есет Мусин, кәсіпкер, Тимирязев ауданы:

-Қора саламыз. Ендігі жылы районымызда құс болады. Бірінші жылы балам мен жолдасым көмектеседі. Ендігі жылы тағы 2-3 жұмыс орны ашылып, кеңейеміз деген ой бар.

 

Жалпы ағымдағы жылы Есет Мусин сынды өз ісін дөңгелетемін деген 114 кәсіпкер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ СҚОФ несие алған. Негізгі 4 бағдарлама бойынша жүргізілетін жоба қазір жетілдірілу үстінде. Биыл бірінші бағыт бойынша несие алу шарттары өзгертілген. Солардың бірі- “Жұмыспен қамту-2020” бағдарламасы.

 

Жанар Шаимова, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ СҚОФ бас менеждері:

– «Занятость 2020» бағдарламасы бойынша несие сомасы 3 млн- ға дейін. Бұрын алып қайтарған адамдарға, ендігі кезекте 5 млн теңгеге дейін беріледі. Жылдық сыйақы ставкасы- 6 пайыз. Мерзімі – 60 айға дейін беріледі.

 

Тағы бір өзгеріс тапқан жоба – «Кәсіпкер» бағдарламасы.Ол бұрындары тек ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес түрлерін қолдауға бағытталған екен. Ал ендігі кезекте оның қарамағына ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру де кіріп отыр.

 

Мағжан Ахмадина