Мәдениет

“Конек-горбуноктың” мерейтойына арналған суреттер көрмесі ашылды

“Конек-горбунок” әу-бастан барша балғынның сүйікті ертегісіне айналды. Ал биыл Петр Ершовтың осы туындысының кітап болып басылып шыққанына 180 жыл толып отыр. Осыған орай бейнелеу өнері мұражайында көрме ұйымдастырылып, онда ертегі кейіпкерлерінің суреттері қойылды. Бұл туындылардың авторы -Петропавлдағы “Юнеско клубы” көркемөнер лицейінің оқушылары.

 

Елизавета Полтавец, Петропавлдағы “Юнеско клубы” көркемөнер лицейінің оқушысы:

– Бұл ертегі маған қатты ұнайды. Сабақта осы туындыдағы кейіпкерлердің суретін саламыз. Мұғалімдеріміз осы шығарманы оқып та беретін. Сондықтан мен ертегідегі басты кейіпкерлер – 3 ағайындыны салдым.

 

Оқушылар ертегі кейіпкерлерін қағаз бетіне түсіру үшін алуан түрлі техниканы қолданыпты. Жалпы, осы көрмеге 80-ге жуық жұмыс қойылды. Арасында 30 жыл бұрын салынған суреттер де бар. Оны Петропавлдағы көркемөнер мектебінің сол кездегі оқушылары салған екен.

 

Жібек Жүзенова, облыстық бейнелеу өнері мұражайының қызметкері:

– Ол біздің жерлесіміз емес. Дегенмен әкесі жақсы қызметте болған. Бірде әкесімен Петропавлға келгенде базарлардың бірінде есек пен түйе сатылып жатқандығын көрген Петр Ершов кейіннен соны курстық жұмысы ретінде алады.

 

Солтүстікқазақстандықтар көрмені 3 ай бойы тамашалай алады.

 

Бану Ахметова