Ауыл шаруашылығы

Бидай және арпа сатып алуға Азық-түлік корпорациясы 3,3 млрд теңге бөлді

Астық өсіру бар да, оны тиімді бағамен сату бар. Бұл ретте шаруалар қауымына үкіметтен айтарлықтай көмек қарастырылған. Оның бірі – мемлекеттік қорға астық сатып алу. Ол істі өңірімізде жүзеге асырушы – “Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы” АҚ СҚОФ. Әзірге 1 тоннаға бекітілген баға 20 мың теңге. Астық өткізуде бүгінге дейін теріскейлік шаруалар 70 миллион теңгеге келісім-шарт жасасыпты.

Сонымен қатар “Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы” АҚ шаруалар қауымына көктемгі-жазғы дала жұмыстарына да ақшалай көмек көрсетпек. Бұл мақсатқа біздің өңірімізге бағытталған сома 3,3 миллиард теңге. Жылдық комиссия мөлшерлемесі 5 пайыз. 1 гектарға есептелген баға 6 мың теңгені құрайды.

Корпорация сізге қажетті қаражатты ағамдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін қарызға береді. Оны келісім-шарт бойынша бидай немесе арпамен қайтаруға мүмкіндігіңіз бар. Астығыңызды өзіңізге тиімді бағамен басқа жаққа өткізе алсаңыз, онда борышыңызды ақшалай да жабуға болады. Бүгінге форвардтық бағдарламаны пайдалануға өтініш берген теріскей шаруаларының саны 100-дің үстінде. Олар жалпы сомасы 2,4 миллиард теңгеге келісім-шарт жасасыпты аталмыш мекемемен.

 

Самат Есмағи