Балалар

Ұлы Жеңістің қазақстандық символы

Ұлы Отан соғысы жылдарында жаумен алысқан қазақстандықтардың саны аз емес. Ұрыс даласында жер құшқан азаматтардің ерлігі бүгінде әрбірінің жүрегінде. Қоғам өкілдері, студенттер мен оқытушылар Жеңіс саябағына жиналып батырларға тағзым етті. Бүгін олардың кеудесінде Георгий лентасынан бөлек тағы бір таспаны көруге болады. Жергілікті белсенді жастар майдангерлерге деген ұрпақтың алғысын осылайша білдірсе керек.

 

Александр Кондаков, дизайнер:

-Таспаның дизайнын 2-3 ай бойы әзірледік. Ақыры, түсі осылай болсын деп шештік. Яғни, қызыл түс – жауынгерлердің қан кешуін, қара – қайғыны білдірсе, көгілдір түс – Қазақстанның нышаны.

 

Бүгінгі бейбіт өмірді жақындатқан аса құрметті ардагерлердің бірі Петр Гладков та жастардың бастамасымен келісіп отыр.

 

Пётр Гладков, Ұлы Отан соғысының ардагері:

-Жастар ұйымдастырған акцияны қолдаймын. Бұл – тамаша бастама деп ойламын. Енді, біздің төсімізде екі бірдей таспа жарқырып тұрмақ.

 

Республика бойынша бұл бастаманы Солтүстік Қазақстан облысының жастары алғашқылардың бірі болып қолға алған.

 

Әсемгүл Есқожа, “Азаматтық бастамаларды дамыту институты” ҚБ төрайымы:

-Біз бұл таспалардың 2,5 мыңын шығардық. 9 мамыр күні тағы 2,5 мыңын солтүстікқазақстандықтардың кеудесіне тағамыз.

 

Бастамаға өзге өңірлердің жастары да қызығушылық танытуда.

 

Данаш Хамзина