Билік

Ұлы Жеңіс мерекесінде облыс орталығындағы “Мәңгілік алау” ескерткішін 10 мың қалампыр гүлдері көмкеретін болады

“Мәңгілік алау” мемориалын гүлді композициямен безендіру шаралары мамырдың 9-ында таңғы сағат 4-те басталады. Барлық 10 мың дана алқызыл қалампыр сабақтары Мәңгілік алаудың айналасына болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі үшін күресте опат болған жандарға құрмет ретінде жайғастырылып, қасиетті мерекенің шырайын ашатын болады.