Қоғам

Соғыс тарихына арналған интеллектуалдық ойын

Ардагерлер, мұғалімдер, жастар мен оқушылар “Жұлдызды сәт” зияткерлік ойынында білім сынауға ғана емес, өзара ой бөлісіп, пікір алмасу үшін жиналып отыр. Рамиль Гумеров сайысқа М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ден қатысуда. Ол соғыс жайлы тарихты майдангерлердің өз аузынан естіген әлдеқайда жақсырақ дейді.

 

Рамиль Гумеров, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттер кәсіподағының белсендісі:

-2- дүниежүзілік соғысқа менің 3 арғы атам қатысты. Атам Абдолла Усманов мотоатқыштар дивизиясында болды. Ол ұрыс даласында жарақат алса да, сардар шеніне сызат түсірмей аяғына дейін шыдап, соғыстан аман оралды. Ал екі атам хабар-ошарсыз кеткен. Әжем де сол жылдары көп жұмыс істеп, еңбек ардагері атанды.

 

Ойын барысында тек ҰОС-на қатысты тақырыптар қозғалды.

 

Асхат Ахманов, М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж жанындағы мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі:

-Сұрақтардың дені ерлік көрсеткен қалалар. Шайқасқа қатысқан жауынгерлер жайлы болмақ.

 

Жастар көбінесе тарих пәні бойынша жинаған білімдеріне сүйеніпті. Бірақ ол аздық етті. Оларға қойылған қосымша сұрақтарды ардагерлер кеңесі жауапсыз қалдырмай, болған оқиғаны жылы мен күніне дейін атап отырды.

Интеллектуалдық ойын барысында белсенділік танытқандары естелік сыйлықтарға ие болды.

 

Берік Қасен