Без категории

“СевКазЭнерго” АҚ өкілдері соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті

Бірер күннен соң Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 69 жыл толмақ. Соған орай қазіргі күні көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетіп, шейіт болғандарды еске алу шаралары еліміздің жер-жерінде ұйымдастырылуда. Ортақ істен “СевКазЭнерго” АҚ өкілдері де шет қалған жоқ. Аталмыш мекеме қызметкерлері мен олардың қарамағындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар интернат үйінің тәрбиеленушілері қалалық саябақтағы “Даңқ” стеласына гүл шоқтарын қойып, қан майданда қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

 

Олеся Скопинова,”СевКазЭнерго” АҚ жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы:

-Бізге бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерімізге қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Соғыстың жеңіспен аяқталғанына биыл 69 жыл. Сол күнді жақындатуға үлес қосқан барша қарт майдангерлерімізге басымызды иіп тағзым етеміз.

 

Жеңіс күні қарсаңында “СевКазЭнерго” компаниясының өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагері Татьяна Ананьинаның шаңырағында болып, майдангерді  9 мамыр мерекесімен құттықтады. Ол майданға 20 жасында өз еркімен аттаныпты. 106 гвардиялық полк сапында жаумен шайқасып, отанын жаудан тазарту тұрғысында майдан даласын Германияға дейін жүріп өткен.

 

Татьяна Ананьина, ҰОС ардагері:

-Біздің көргенімізді жастарға бермесін. Соғыстың аяқталғанына қанша жыл өтсе де, сол шақтағы қиындықтарым әлі күнге көз алдымда. Қанды қырғынды адам баласы енді қайтым көрмесін деп тілеймін. Қантөгіспен келген бейбітшілікті көздің қарашығындай сақтаңыздар.

 

Бүгінде  кейуананың жасы 93-те. Бейбіт күнде өмірінің 18 жылын энергетика саласына арнапты. Ол аталмыш компанияда бақылаушы болып еңбек еткен.

 

Самат Есмағи