Без категории

“Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды”

 

Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері Брест қамалындағы шайқасқа түскен солтүстікқазақстандықтардың жанқиярлық ерліктері әлі күнге дейін көпшілікке беймәлім. Мағзұм Исағұловтың ағасы Малғаждар 1941 жылы Брест шайқасына қатысыпты. Алайда туған бауырының батырлығы біразға дейін айтылмай, тек 2009 жылы ағамыздың араласуымен Малғаждар Исағұловтың еңбегі еленді.

Неміс басқыншылары Кеңес Одағына күтпеген жерден соғыс ашып, алдымен Брест қамалын алған болатын. Бұл аумақты жау қолына бермеу үшін біздің әскерлер қарсыласып бақты, талайы шейіт болды. Мұны студенттер жақсы біледі.

 

Оксана Самиева, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ аға оқытушысы:

-Осымен 3 жылдан бері педагогика кафедрасы белоруссия орталығымен тығыз қарым-қатынас орнатты. Біздер осы бағытта Брест қамалында болған шайқасқа қатысқан жерлестеріміздің атын ұмытпай, оларға қатысты деректерді мұрағаттардан жинастырудамыз. Өйткені кейінгі толқын майданға қатысқан қариялардың есімдерін білуі тиіс.

 

Сондай-ақ келушілерге бейнефильм көрсетіліп, студенттер Брест қамалын жаудан қорғаған ардагерлердің өмірбаянына тоқталды.

 

Бақыт Сәдуақасов