Спорт

Волейболшы қыздар жеңіске жетті

Соңғы 5-ші турнир 23-ші сәуірде Теміртау қаласында өткен. Шешуші сәтте біздің жерлестерімізге қарағандылықтар дес бермеген. Десе де жергілікті “Қуаныш и К” құрамасы соңғы 35-ші кездесуін сәтті аяқтады. Осыдан 2 жыл бұрын жасақталған құрамаға “Қуаныш и К” шаруа қожалығының жетекшісі Қайырбек Хамзин қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Бойжеткендер бапкер Азамат Есімовтың қол астында жаттығып жүр.

 

Берік Қасен