Қоғам

Кітапхана қызметіндегі еңбегі еленді

 

 

Залда жиылғандардың барлығы мәдениет саласының қызметкерлері. Олар осынау қуанышты күні әріптестері Бейбітгүл Әбілмәжінованы құттықтауға келген. ТМД бойынша парламентаралық ассамблея кеңесінің «Мәдениет пен өнердің дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін» төсбелгісін облыстық кітапхана директорына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Біләлов салтанатты түрде табыстады.

Бейбітгүл Әбілжәжінова мәдениет саласында 35 жыл еңбек етіпті. Оның 18 жылында осы қара шаңырақ – облыстық кітапханаға жетекшілік еткен.

 

Бейбітгүл Әбілмәжінова, С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры:

– Менің еңбегімді бағалағандарыңызға өте қуаныштымын. Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік. Әлі де болса өз оқырмандарымызды қызықты жаңалықтармен қуантып, кітаптар қорын толықтыра бермекпіз.

 

Бүгіндері кітапханада 500 мыңнан астам кітап қоры бар.

 

Мағжан Ахмадина