ТЖ

Тасқын су Прибрежное селосын облыс орталығынан бөліп тастады

 

 

Мынау – аудандық маңыздағы “Петропавл-Прибрежный” автожолының бүгінгі жағдайы. Қаланы аталған ауылмен байланыстыратын көшенің бір бөлігін су басып жатыр. Тіршілік көзі 200 метрге жайылып, тереңдігі 25 см жеткен. Аудандық маңыздағы автожол бойында жеңіл көліктер қаз қатар тізіліп тұр. Өйткені, мұндай темір тұлпарлар Прибрежный ауылына өте алмайды. Сондықтан жүргізушілер темір тұлпарларын жолдың шетіне қалдырып, селоға «Урал» және «Газ-53» көліктерімен қатынауға мәжбүр.

Қанат Баяндин, СҚО ТЖД бөлім басшысы:

Бүгін бұл ауылдан 25 адамды қалаға жеткіздік. Оның 2-і бала. Көбіне қариялар мен сәбиі бар нәзік жандыларды тасымалдаймыз. Бұл жерде арнайы пост қойылған. Сондықтан жағдай күндіз-түні бақылауда.

 

Өңір құтқарушылары өткен тәулікте облыс орталығындағы су қоймасында тіршілік көзінің екі см кемігенін айтуда. Дегенмен, Есіл өзенінің арнасынан шығуынан зардап шеккен 42 аула мен 6 тұрғын үйдегі су тартылар емес.

 

Қанат Баяндин, СҚО ТЖД бөлім басшысы:

Сергеев су қоймасындағы тіршілік көзі бүгінде ернеуден 108 см-ге асып, төгілуде. Шарық су қоймасының деңгейі 8-см-ге жоғары. Көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарынаТЖМ мен ТЖД, жергілікті атқарушы билік өкілдері тартылған. Барлығы 114 адам мен 36 техника жұмылдырылды.

 

Заречный, Былғары зауыты кенттері де көңіл көншітерлік жағдайда емес. Өңір құтқарушылары оларға қажетті азық-түлікті жеткізуде. Ал қалада жұмыс істейтіндері жүк көліктерімен облыс орталығына қатынап жүр.

 

Бану Ахметова