Мәдениет

“Мамыр жұлдыздары”

 

Бұл “Сарбаздар” патриоттық әні. Туындыны Айдос Рахимғазиев орындауда. Ол “Мамыр жұлдыздары” байқауына тыңғылықты әзірленгендіктен, бүгінгі сыннан сүрінбей өтетініне сенімді.

Сахна төрінде Отан, ұлы жеңіс тақырыбындағы патриоттық әндер шырқалды. Әрқайсысы өзінің байқауға дайындап әкелген композицияларын орындауда. Бірі – майдан даласындағы қанды соғыс, екіншілері сол шайқастан оралмаған туыстары жайында әндерді шырқады. Ал, жалпы, бұл сынға 20 адам қатысып отыр.

“Мамыр жұлдыздары” әскери-патриоттық әндер байқауына кез-келген азамат қатыса алды. Сахна төрінде тек әндер ғана емес, сондай-ақ, бишілер де өз өнерін көрсетіп, майдандағы ұландардың ерліктері жайлы жырлар да оқылды.

Байқау үздіктері диплом, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Және олар осы сынның облыстық кезеңіне жолдама алады.

Бану Ахметова