Білім

Петропавлда студенттердің бейбітшілік және келісім орталығы ашылды

 

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаковтың қолдауымен студенттердің келісім және әлем орталығы ашылды. Арнайы кабинетте өңірімізде тұратын халықтардың мәдениеті мен тұрмысынан сыр шертетін заттар жайғастырылған.

 

Наиль Салимов, Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының меңгерушісі:

-Бұл сыныптың колледжде ашылуы тегін емес. Одан бөлек, мұнда халықтардың бірлігінен ақпарат беретін кабинет те жуық арада жұмысын бастамақ. Білім ошағы өздерінің осы жетістіктерімен шектеліп қалмай, алдағы уақытта да толағай табыстарға жететін болады.

 

Сонымен бірге бүгін колледж оқытушылары мен студенттеріне ғарышкер-ұшқыш  Александр Викторенконың диплом және білім гранты табысталды. Оларды Александр Викторенко телекөпір арқылы құттықтап, еңбектеріне жеміс тіледі. Марапатқа ие болған 14 студенттің қатарында Махаббат Төлебаева да бар. Қазіргі таңда 3 курс студенті құрылыс мамандығы бойынша білімін толықтыруда.

 

Сондай-ақ Александр Викторенконың дипломына колледждің 5 оқытушысы ие болды. Бүгін Елена Бергеннің де еңбегі бағаланды. Ұстаз білім ордасында 7 жыл жемісті еңбек етіп жүр.

 

Елена Берген, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің оқытушысы:

-Марапатқа ие болғанымызға қуаныштымыз. Алдағы уақытта да, студенттерге сапалы білім беріп, жұмысымызды жетілдіретін боламыз.

 

Бүгіндері колледжде 20 мамандық бойынша 1000-нан аса шәкірт білім алуда.

 

Бақыт Сәдуақасов