Құқық қорғау органдары

“Құқықтық тәртіп” шарасы аяқталды

 

Полиция қызметкерлері шара барысында 13 солтүстікқазақстандық азаматтан 11 грамм есірткі мен 6 қару тәркілеген.

 

Андрей Дзюбан, СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы:

-Тіркелген қылмыстардың 133-і, сондай-ақ бұрын жасалған 11 қылмыстың беті ашылды. Іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды. 1172 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, соның ішінде 32 жүргізуші рөлге мас күйінде отырған.

 

Бұзақылардың жолын кесуге көшедегі бейнекамералардың да көмегі көп дейді полицейлер. Жедел басқару орталығындағы құрылғылар күні-түні жұмыс істеп тұр.

 

Айдарбек Ахметов, Петропавл қаласы ІІБ Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы:

-Мен бірде таң ата камера арқылы Жамбыл және Партизан көшелерінің қиылысында бір жігіттің бас киімсіз келе жатқанын байқадым. Өткені ол күні ауа райы салқын болды. Кейін әлгі адам бір әйелге жақындап, әңгімесі жараспаған  соң алдынан өтіп, ғимараттың артында тығылып тұрғанын көріп қалдым. Манағы әйел өте бергенде шап беріп ұстап алды. Бірден жедел топқа хабар бердік.

 

Тәртіп сақшылары оқиға орнына дереу жетіп барып, бұзақыны қолға түсірді. Мамырдың 1-9-ы аралығында полиция қызметкерлері күшейтілген түрде жұмыс істемек.

 

Данаш Хамзина