Спорт

Боксшы Жанат Жақиянов Еуропа чемпионы атанды

Поездан жерлесімізді қарсы алуға жанкүйерлері мен дос-жарандары бір адамдай жиналды. Барлығы да Жанаттың жеңісіне ортақтасуға келген. Арасында былғары қолғап шеберінің анасы да бар. “Баласы бәйгеге шапса, анасы тақымын қысар” демекші, балам жұдырықтасып жатқан кезде қатты уайымдадым – дейді анасы.

Поезд келісімен жиналғандар жерлесімізді кезекті жеңісімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. 26 сәуірде Ұлыбританиядағы Шеффильде жерлесіміз Жанат Жақиянов француз боксшысы Карим Гуерфиді бесінші раундта нокаутқа түсіріп, одан Еуропа чемпионы титулын тартып алды. Жанат әр жеңісін туған еліне арнайтынын айтады. Боксшы өзіне қолдау білдіріп, тілеуін тілегендерге алғысын жеткізді.

Осылайша, қазақ боксшысы Еуропаның жаңа чемпионы атанды. Оның есебінде 22 жеңіс болса, соның 15-ін жерлесіміз мерзімінен бұрын аяқтаған.

 

Бақыт Сәдуақасов