Құқық қорғау органдары

Ұлы Отан соғысы жылдарында қолданылған қару табылды

 

 

Қорасында шаң басып жатқан қаруды Преснов ауылының тұрғыны тапсырған. Тексеру барысында оның саперлік күрек пен минометтің гибриді екені анықталды. Бұл қаруды кеңес әскері өткен ғасырдың орта кезінде кеңінен пайдаланған екен.

Ерекше қару ІІД жедел криминалдық басқармасының баллистикалық сараптамасына жіберілді. Тиісті тексеріс шараларынан соң қаруды тапсырған азаматқа қанша сыйақы берілетіні мәлім болады.

Акция барысында полицейлерге 93 солтүстікқазақстандық хабарласып, дені тегіс оқпанды 100 бірлік қару тапсырған. Сонымен қатар 6300 оқ әкелген.

 

Бану Ахметова