Құқық қорғау органдары

«Назар аударыңыз – бағдаршам!» акциясы

 

Осылайша, тәртіп сақшылары автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге жолда жүру ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіруде. Сонымен қатар жас инспекторлар полицейлермен бірге адамдар көп шоғырланатын сауда үйлері мен кафелерді аралап, жадынамалар таратты.

 

Ксения Матушкова, №23 орта мектептің оқушысы:

– Біз қазір “Рахмет” сауда үйінде тұрмыз. Мұнда автокөлік жүргізушілеріне көлікті мас күйінде жүргізбеу керектігін айтып, парақшалар мен жадынамалар таратудамыз.

«Назар аударыңыз – бағдаршам!» республикалық әлеуметтік кампаниясы жолда болатын жарақаттардың алдын алу мақсатында өткізіп отыр.

 

Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

– Көлікті мас күйінде жүргізгендер үшін заң талаптары қанша қатаңдаса да құқықбұзушылықтар қатары сейілер емес. Үстіміздегі жылдың басынан облыс аумағында темір тұлпарды мас күйінде тізгіндеген 800-ден астам азамат ұсталды.

 

Бұл шара сәуірдің 30-ына дейін жалғасады.

 

Бану Ахметова