Спорт

Кезекті жеңіс

Бұл кездесудің 16-минутында елордалық аяқ доп шеберлері есепті бірінші болып ашқан еді. Алайда, ойынның 20-шы минутында біздің шабуылдаушы Давити Чагелишвили есепті теңестіре алды. Ал кездесу соңында грузиялық легионер қарсылас қақпасына тағы бір добын дарытты. Бұл жеңіс “Қызылжар” құрамасына турнир кестесінің 5-сатысына тұрақтауға мүмкіндік берді. Қазақстан Кубогының 8-ден 1 ойындарында мамырдың 14-інде жергілікті команда сырт алаңда “Ертістің” футболшыларымен кездесетіні белгілі болды. Ал алдағы сенбіде жерлестеріміз өз алаңдарында Өскемен қаласының «Восток» құрамасын қабылдамақ.

 

Берік Қасен