Қоғам

Су берушілер ағаш отырғызу акциясына қатысты

 

 

Күннің суықтығы мен желдің өткірлігіне қарамастан қолдарына күрек пен көшет ұстаған сушылар бір адамдай жасыл желек егуге кірісті. Олар өздері жұмыс істейтін кәсіпорынның маңына 70 түп ағаш отырғызды.

 

Арман Махметов, «Қазсушар»РМК «Есіл су» филиалының Есіл өндірістік участогы РЭУ-2 басшысы:

– Ауа райына қарамастан бүгін мекемеміздің барлық қызметкерлері сенбілікке шығып, осындай жақсы шараға қатысып отыр. Ағаштар отырғызып, алаңды көгалдандырып жатырмыз.

 

Есіл өндірістік участогының қызметкерлерін қолдауға жергілікті билік өкілдері де келіпті. Игі шарадан шет қалмаған олар Мамлюткада алдағы уақытта да мұндай шаралар жалғасады дейді.

 

Рустам Ғаббасов, Мамлют ауданы әкімінің орынбасары:

-Бізде қаланы абаттандырып, көгалдандыру шараларына көп көңіл бөлінеді. Бүгін де міне жақсы шараның куәгері болып отырмыз. Алдағы уақытта да Мамлютканың орталық көшелерінде осындай акция жалғасатын болады. Жуық арада әлі 1000 түп ағаш отырғызбақпыз.

 

Мұндай шара жалпы кәсіпорынның барлық филиалдарында өткізілді. Сушылар акция аясында 300 түп ағаш екті.

 

Мағжан Ахмадина